Спорт
1 мин оқу 872
Баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионатына іріктеу басталды
Таразда баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына аймақтық іріктеу турнирі басталды. Іріктеу сынының алғашқы матчында қазақстандықтар Түрікменстаннан келген қарсыластарын оңай жеңді деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық баскетболшылар қарсыластарынан 50 ұпай артық жинап, 97:41 есебімен басым түсті.
Біздің команда сапындағы үздік ойыншылар қатарында Алексей Кочергин, Стефан Романенколар бар.
Айта кетелік, келесі ойынды қазақстандықтар Қырғызстан командасына қарсы өткізеді.
Бөлісу: