Қазақстан
1 мин оқу 962

«Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам метан газынан уланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмды

Оқиға елордадағы Оқушылар сарайының маңындағы құдықтардың бірінде болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, уланғандардың барлығы көз жұмған. 

Қала әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, төртеуі де - «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері.  

«Өзімнің және әкімдіктің атынан марқұмдардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Әкімдік барлық қажетті көмекті көрсетеді. Тиісті қызметтерге егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, қайғылы оқиғаның себептерін анықтауды тапсырдым», - деп жазды қала басшысы Facebook парақшасында.  

Бөлісу:
«Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар