Сайлау
1 мин оқу 990
Байқаушылар іске кірісті
Биылғы 9 маусым күні өтетін сайлауға өңірден 400 мыңнан астам сайлаушы қатысады. Қазіргі таңда 663 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оларға 3691 белсенді тартылған. Бұл жөнінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшенов мәлім етті.

Аумақтық сайлау комиссияларының 33 мүшесі арнайы оқу тренингтерінен өтіп, 82 адам арнайы семинарларда білімдерін жетілдірген. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бірінші қабатта орналасқан сайлау учаскелері пандуспен жабдықталған. Жабық түрдегі әскери және медициналық ұйымдар үшін 12 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді. Норвегия мен Италиядан келген бақылаушылар іске кірісіп кеткен.
* * *
«Аманат» азаматтық платформасы республикалық штабының мүшелері ұйымдастыруға тренингте сайлаушылар мен байқаушылардың құқықтары жан-жақты түсіндірілді. Біз президенттік сайлауға мониторинг жүргізіп, бес бағыт бойынша талдау жасап, қадағалап отырамыз. Теңдік, саналы таңдау, әділдік, келісім және сенім қағидаттары негізінде жұмыс істейміз. Халықаралық, жергілікті тәуелсіз ұйымдармен жақсы байланыс орнатылған, деген «Аманат» азаматтық платформасы жетекшісінің орынбасары Шыңғыс Лепсібаев барлық өңірлерде 10 мыңға жуық байқаушы дайындауға белсене қатысып, түрлі тренинг-семинарлар ұйымдастырылып жатқанын, ондағы басты мақсат сайлау барысында азаматтардың құқықтары бұзылмауын реттеу болып табылатынын әңгімеледі.
Платформаның жергілікті өкілі Жанат Мұхамеджанов іріктеуден 22 адамның өткенін, оқыту, түсіндіру шаралары толастамайтынын, тренингке қатысушылардың саяси біліктілігін көтерудің барлық мүмкіндіктері қарастырылатын алға тартты.
Солтүстік Қазақстан облысы
Бөлісу: