Жаңалықтар
1 мин оқу 530

ЗАҢ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.<!--more-->

Мәжілістің жалпы отыры­сы­ның күн тәртібіне “Трансферттік баға белгілеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өз­герістер мен толықтырулар ен­гізу туралы” заң  жобасы екінші оқылымда ұсынылды.

Сонымен қатар, “Құқық бұзу­шылық профилактикасы ту­ралы” және соған сәйкес бірқа­тар заң­дарға енгізілетін толық­ты­руларды қарастыратын заң жо­балары бойынша Мәжіліс пен Се­нат ара­сындағы келіспеуші­лік­тер­ді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды.

Бөлісу: