Руханият
1 мин оқу 1,080

Қарағандының симфониялық оркестріне Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді

Қарағанды облыстық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің симфониялық оркестрі биылғы маусымның соңғы концертін КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевті еске алуға және симфониялық оркестрге салтанатты түрде оның есімін беру рәсіміне арнады.

Қарағандының симфониялық оркестріне Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді

«Шалқыма» концерт залында өткен тағылымды кешке халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов,  Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келіп, қарағандылық өнерсүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтады.

Концерт барысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов дирижер Петр Грибановқа оркестрге Еркеғали Рахмадиевтің есімін беру туралы куәлікті табыс етті.

Бөлісу:
Қарағандының симфониялық оркестріне Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар