Президент
1 мин оқу 850
Өңірлердің даму көрсеткіштері баяндалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан қаласындағы құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарын салу барысы жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу: