Бүгін – Дүниежүзілік шашыраңқы склерозбен күрес күні
Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз) – адам миы мен жүйке талшықтарын қорғап тұратын арнайы қабатты–миелинді зақымдайтын аутоиммунды созылмалы сырқат. Өкініштісі сол бұл диагноздың шырмауына еліміз бойынша 1500 астам адам түскен. Ал ДДСҰ деректеріне қарағанда жер жүзінде оған шалдыққан пациенттердің саны 2,3 миллионға жетеді және ол көрсеткіш күн санап арту үстінде.

Көбінесе жас адамдарда 20 және 50 жас аралығында пайда болып олардың әлеуметтік және кәсіби белсенділігін төмендететін ауру мүгедектікке де алып келеді. Шаршаңқылық, ұмытшақтық, бастың айналуы, саусақ ұштарының жансыздануы, бұлшық еттердің ауруы, тәлтіректеп жүру секілді әлсіз білінетін белгілер – күрделі неврологиялық аурудың симптомдары болуы мүмкін.
Айта кеткен жөн бұл ауруға ерлерге қарағанда әйел адамдар жиірек шалдығады екен.