Спорт
1 мин оқу 813

Су добынан Спартакиада аяқталды

Таразда су добы Қазақстан Республикасы Спартакиадасы аясында өткен жарысы өз мәресіне жетті.

Су добынан Спартакиада аяқталды

Бес күнге созылған бәсекелер барысында ерлер арасында Алматы қаласының өрендері алдарына жан салмады. Барлық қарсыластарын сыпыра ұтқан олар жарыс жеңімпазы атанды. Күміс медальді Жамбыл облысы иеленсе, Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері қола жүлдеге қол созды.

Әйелдер арасында Жамбыл облысына тең келер ешкім табылмады. Жергілікті ватерполшылар финалда Алматы қаласынан айласын асырды. Үшінші орынға Батыс Қазақстан облысы тана тіреді. 

Бөлісу:
Су добынан Спартакиада аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар