Қоғам
1 мин оқу 1,203
Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын
Қармақшы ауданындағы Қ.Қазантаев атындағы Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі және облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Жастары белсенді елдің - ертеңі жарқын» атты мәдени-үгіт бригадаларының облыстық байқауы өткізілді.

Қазылар алқасының сараптауынан кейін бас жүлде Қармақшы аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Өрлеу» мәденит - үгіт бригадасы бұйырды. Бірінші орынды Жалағаш аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Арай» халықтық мәдени-үгіт бригадасы алса, екінші екі орынды Қызылорда қаласы А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Бірлік» мәдени-үгіт бригадасы мен Сырдария аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Дала дидары» атты халықтық мәдени-үгіт бригадасы иемденді. Ал, үшіншіге белгіленген екі орынды Арал аудандық мәдениет Үйі жанынан құрылған «Көңілашар» халықтық мәдени-үгіт бригадасы мен Жаңақорған аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени-үгіт бригадасы иемденді.
Бөлісу: