Президент
1 мин оқу 942
Елбасы Назарбаев Университетінің жаңа Атлетикалық орталығының ашылу рәсіміне қатысты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев Университетінің көпфункционалды жаңа спорт ғимаратына барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу орнының Атлетикалық орталығында спортпен шұғылдануға қажетті инфрақұрылым, соның ішінде олимпиадалық бассейн, 660 көрерменге арналған арена, тренажер және жекпе-жек залы бар. Бұл нысан спорт индустриясының озық технологиясы бойынша жабдықталған.
Бөлісу: