Квадроцикл теңіз жағасын күзетеді
Теңіз жағалауы – көпшілік орын. Серуендеген тұрғындар мен қала қонақтары теңіз жағалауын әсіресе жаз мезгілінде босатпайды. Бұл қоғамдық тәртіпті қадағалауды күшейтуді қажет етеді. Оның үстіне теңіз жағалауындағы сәулеттік нысандарға қаскөйлер тарапынан жасалатын вандалдық шабуылдардың орын алмай тұрмайтыны тағы бар.

Ақтау қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жағалауды патрульдеуге квадроциклдермен және электромобильдермен кіріскен. Олар «Каспий» стационарлық патрульдік бекеті 4-шағын ауданнан 15-шағын аудандағы «Самал» тұрғын алабына дейінгі жағалау аймағын тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. 7:5 квадроцикл және 2 электромобиль көліктерімен жыл бойы полиция ызметкерлері екі адамнан ауысыммен жұмыс істейді.
Кез келген құқық бұзушылық рация арқылы беріледі және патруль шақыру орнына электрокармен немесе квадроциклмен барады. Бекетте жедел басқару орталығы бар. Осыдан бүкіл жағалау аймағы көрінеді. Бейнебақылау жүйесі 4 шақырым радиуста жағалау аймағын бақылайды. 16 камера Каспийдің жағасында болып жатқан жағдайдың барлығын түсіреді. 36 есе үлкейту функциясы арқылы құқық бұзушының бетін түсіріп, полицейлерге адамның кінәсін дәлелдеуге көмектеседі. Бейнежазба бір ай ішінде компьютер жадында сақталады.
Осылайша, полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етеді.
Маңғыстау облысы