Аймақтар
1 мин оқу 420

Жезқазғанда биоэлектр стансасын салу жоспарда бар

Жезқазған қаласында Словакияның компаниясы биоэлектр стансасын салуға ниет білдіріп отыр. Жоба бойынша, аталған нысанда тұрмыстық қалдықтардан газ өндіріліп, кейін ол электр энергиясына айналдырылатын болады.

Жезқазғанда биоэлектр стансасын салу жоспарда бар

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаевтың айтуынша, биоэлектр стансасының құрылысы Кеңгір ауылынан 2 шақырым жердегі аумағы 4,5 гектар болатын алаңқайда жүргізілмекші.

– Жоба жүзеге асқанда, бірқатар мәселе шешімін табады деген үміттеміз. Мысалы, қоқысты кәдеге жарату және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, «Жасыл экономика» технологияларын ілгерілету, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу сынды пайдалы істерге қол жеткізілетін болады, – дейді Н.Орынбаев.

Жобаның тапсырыс берушісі – «Kaz Green Energy» фирмасы. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталуы мүмкін.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Жезқазғанда биоэлектр стансасын салу жоспарда бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар