Жаңалықтар
1 мин оқу 1,140

Таран ауданына Бейімбет Майлин есімі берілетін болды

Бүгін Үкімет отырысында классик жазушы Бейімбет Майлиннің есімін Қостанай облысының Таран ауданына беру туралы ұсыныс мақұлданды. Бұл туралы Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова Фейсбук желісіндегі жеке парақшасында бөлісті.

Таран ауданына Бейімбет Майлин есімі берілетін болды
"Бүгін Үкімет отырысында Бейімбет Майлиннің есімін туған ауылы орналасқан Таран ауданына беру қарастырылды. Ұсыныс қолдау тапты. Енді алдағы жұмыстар сәтті өтсін. Мәдениет министрлігіне алғыс білдіреміз. Елерке Әдепханқызы Торехан, сіздің қызметіңізге табыс тілейміз", — деп жазды басқарма басшысы.

Бөлісу: