Спорт
1 мин оқу 377

Қазақстандық садақ атушылар Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Қазақстандық садақ атушылар Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық сайыста Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды деп xабарлайды Olympic.kz.

Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдулин 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері АҚШ садақшыларын 6:0 есебімен жеңді. Лицензияны иелену үшін әлем чемпионатының ширек финалына шықса жеткілікті. Соңғы рет командалық сайыста сонау 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарына қатысқан едік.
Бөлісу:
Қазақстандық садақ атушылар Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар