Аймақтар
1 мин оқу 1,005

«Қазақ газ өңдеу зауытын» жаңғырту мәселесі талқылануда

Бұқаралық ақпарат құралдарында Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ін жаңғыртуға қатысты жарияланымдардың шығуына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ хабарлама жасады.

«Қазақ газ өңдеу зауытын» жаңғырту мәселесі талқылануда

«Қазіргі уақытта ҚазГӨЗ-ді жаңғырту мәселесі талқылануда. ҚМГ аталған зауытты жаңғыртудың жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін, сондай-ақ қаржыландырудың қажетті көлемін анықтауда.

Осыған байланысты, 2019-2022 жылдары ҚазГӨЗ-ді жаңғырту шеңберінде 107,2 млрд теңге бөлінетіні туралы деректер тексерілмеген және дәйексіз болып табылады.

ҚазГӨЗ-ді жаңғырту жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат қосымша хабарланатын болады» делінген хабраламада.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
«Қазақ газ өңдеу зауытын» жаңғырту мәселесі талқылануда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар