Спорт
1 мин оқу 343
Турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Ұлыбританияда өтіп жатқан «Манчестер ITF» турнирінің финалына шықты. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллары.

Әлемдік рейтингте 101-орында тұрған отандасымыз жарыстың жартылай финалында осы турнирдің екінші, әлемнің 98-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен күш сынасты. 1 сағат 13 минутқа созылған бәсекеде Зарина Диас қарсыласынан екі сетте 6:1, 7:5 есебімен басым түсті.
Қандасымыз турнирдің финалдық сайысында осы жарыстың бірінші, әлемнің 96-ракеткасы, Польша елінің өкілі Магда Линеттпен бас жүлдені сарапқа салады. Польшалық теннисші жартылай финалда жергілікті теннисші Саманта Маррейді 6:3, 6:0 есебімен жеңген болатын.
Әсем Таңатар.
Бөлісу: