Аймақтар
1 мин оқу 540

Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігіп жатыр

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігіп жатыр

Түркістан облысы Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы «Шымкент–Арыс–Темір» жол учаскесінде пойыздардың кестеден тыс кешігуі туралы хабарлайды. 

«ҚТЖ» АҚ-на қарасты барлық мекемелер осы жол торабында қатынайтын барша жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шараларын өткізуде. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат сәйкесінше вокзал кешендерінде берілуде. Сондай- ақ барша ақпаратты 105 бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларынан түсіністікпен қарауын сұрады.

Бөлісу:
Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар