Жаңалықтар
1 мин оқу 714

Білім және ғылым министрі халық алдында есеп береді

28 маусым күні, яғни ертең сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де (бас ғимарат) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Білім және ғылым министрі халық алдында есеп береді

Кездесу барысында министр білім және ғылым жүйесі дамуының негізгі бағыттарын түсіндіреді, сонымен қатар халық тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді.

Министрдің есепті кездесуінің тікелей трансляциясы www.bnews.kz  ақпараттық порталында, сонымен қатар ҚР БҒМ Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.


Бөлісу: