Спорт
1 мин оқу 574

Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіби мансабында тоғызыншы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті

Тетфор Минде (Канада) өткен бокс кешінде 21 жастағы қазақстандық боксшы рингте мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3-1, 11 КО) кездесті. Ойынның 90 секундында Садриддин қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Ахмедовтің кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісі, соның ішінде сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Кота мансабында төртінші рет жеңілді. 

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов әуесқой бокста жастар арасындағы Әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Кәсіпқой бокста екі титул - бірінші орта салмақтағы WBC «жастар» белбеуін және осы дивизионда WBC Asia белбеуін иеленді.

Бөлісу:
Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар