Президент
1 мин оқу 420

Президент Джули Монакомен кездесті

Қазақстан Президенті Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO-2017 көрмесіне және АХҚО басқару жөніндегі кеңестің жұмысына белсенді қатысқаны үшін Citigroup басшылығына ризашылық білдірді. Қазақстан Президенті банктің Қазақстанға инвестиция тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру ісіндегі үлесін жоғары бағалады.

– Біз еліміздің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді қалаймыз және экономиканы әртараптандырып жатырмыз. Бұл оңай міндет емес. Оның барлық қиындығын түсінеміз. Citigroup компаниясымен осы бағыттағы тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Джули Монако Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан Citigroup компаниясының маңызды серіктесі екенін атап өтті. 

Бөлісу:
Президент Джули Монакомен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар