Киіз үйдегі жылжымалы кітапхана
Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова аймақтағы тоғыз лагерьде жаз соңына дейін 9542 бала демалатындығын айтады.

Жалпы, облыста 145 мың баланы жазғы демалыспен қамту қызу жүріп жатыр. Демалыс аймақтарындағы лагерьлерден бөлек, жалпы білім беру мектептерінің базасында және шатырлы лагерьлерде 96 мың оқушы тынығады. 39 мыңнан астам бала ата-аналарымен бірге басқа аймақтағы сауықтыру орталықтарында ем-дом алса, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың 26 мың баласы жазғы лагерьде 100 пайыз қамтылады.
Әрине, тынығу лагерьлерінің барлығы талапқа сай деуге болмайды. Біразының ғимараты ескі, штат жетіспеушілігі бар. Басқа да шешімін күткен өзекті мәселелер жеткілікті. Білім басқармасы осы олқылықтарды жою үшін жұмыс істеп жатыр.
Лагерьдегі демалыс суға түсу, күнге қыздырыну, түрлі үйірмелерге қатысумен бітпейді. Адамның ең үлкен серігі әрі ақылшысы – кітап. Кей жерлерде тынығу орындарының сыйымды-лығына қарай киіз үйлерде жылжымалы кітапхана орналасыпты. Яғни, балалар тынығумен қатар, білім қорын да молайтып қайтады.
Қызылорда облысы