Аймақтар
1 мин оқу 683

Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанғанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

Министрліктің мәліметінше, өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген. Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ. 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді.

Бөлісу:
Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар