Аймақтар
1 мин оқу 490

Елордадағы элиталы «Британ кварталы» ТК өртеніп жатыр

Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, өрт Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат кешкі сағат 19.39-да түскен.

Елордадағы элиталы «Британ кварталы» ТК өртеніп жатыр

«Төтенше жағдай өкілдері жеткенде шатырдағы қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Қазіргі таңда тұрғындарды қауіпсіз жерге алып шығу жұмыстары жүргізілуде. Өртті ауыздықтауға елордалық төтенше жағдай департаментінің 51 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылған», - делінген хабарламада. 

ТК тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Бөлісу:
Елордадағы элиталы «Британ кварталы» ТК өртеніп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар