Боксшылар Германиядан табысты оралды
Германияда жастар арасында бокстан халықаралық Brundenburg-Cup 2019 турнирі өтті. Жарысқа қатысқан қазақстандық жас боксшылар үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль еншілеп, жалпы сегіз медаль жеңіп алды.

Халықаралық жарыста Жексен Бейбарыс (56 кг), Әшірхан Айтжан (60 кг) және Тоғамбай Сағындық (91 кг) қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды. Ал 52 кило салмақтағы Талғат Сырымбетов финалда жеңіліп, күміспен күптелді. Сонымен қатар М.Базарбайұлы (49 кг), Д.Дүйсебай (64 кг), К.Мақсұт (81 кг) және А.Сабырғали (+91 кг) халықаралық жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.
60 килодағы жерлесіміз Әшірхан Айтжан турнирдің үздік боксшысы деп танылды. Жалпы, Германиядағы додаға әлемнің 21 елінен келген боксшылар жүлде үшін жұдырықтасқан болатын. Олардың ішінде Ресей, Украина, Франция, Германия, Дания, Румыния, Польша, Уэльс, Аргентина және тағы басқа Еуропа елдерінің боксшылары бар.