Жаңалықтар
1 мин оқу 510

Елдос Сметов Будапешттегі Гран-При турнирінен алтын медаль еншіледі

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Елдос Сметов Будапешттегі Гран-При турнирінен алтын медаль еншіледі

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді.

Бөлісу:
Елдос Сметов Будапешттегі Гран-При турнирінен алтын медаль еншіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар