Спорт
1 мин оқу 300
Михаил Кукушкин рейтингте 13 саты жоғарылады
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингінде 13 саты жоғарылап, 45-орынға жайғасты.

Отандасымыз жуырда ғана Ұлыбритания астанасы – Лондонда өткен Уимблдон турниріне қатысып, жарыстың 1/8 кезеңінде жапониялық Кеи Нисикориден жеңілген еді.
Кукушкин әлемнің ең үздік ТОП-50 теннисшісі қатарына кірді. Сонымен қатар ерлер арасындағы рейтингте қазақстандық теннисші Александр Бублик бір саты төмен сырғып, 83-орынға тұрақтады. Ал тағы бір отандасымыз Александр Недовесов төрт саты жоғарылап, 196-орынға көтерілді.
Уимблдон турнирінің биылғы жеңімпазы сербиялық спортшы Новак Джокович ATP рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Испаниялық Рафаэль Надаль екінші орында келеді. Ал швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікті түйіндеп тұр.
Бөлісу: