Президент
1 мин оқу 530

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады

Мемлекет басшысының атына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың құттықтау хаты келіп түсті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады

Аса ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі. 

Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті. 

Хатта ХОК-тің Қазақстан Үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған.

Бөлісу:
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар