Әлем
1 мин оқу 411
Украина халқы кезектен тыс Жоғарғы Рада депутаттарын сайлады
21 шілдеде өткен Украинадағы парламент сайлауына 22 партия, шамамен 6 мың кандидат қатысты. Экзит-полл қорытындысына сәйкес, Жоғарғы радаға бес партия өтті.
Киев уақытымен кешкі 20.00-де экзит-полл қорытындысы жарияланды. Оның нәтижесі төмендегідей болды:
- 43,9% - «Халық қызметшісі» (Владимир Зеленский партиясы);
- 11,5% – «Өмір үшін оппозициялық платформасы»;
- 8,9% – «Еуропамен ынтымақтастық» (Петр Порошенко партиясы);
- 7,6% – «Батькивщина» жалпыукраиналық бірлестік» партиясы (Юлия Тимошенко партиясы);
- 6,3% – «Дауыс» (Музыкант Святослав Вакарчук партиясы);
Бөлісу: