Президент
1 мин оқу 390

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық өзгерістер болды

<p>Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық өзгерістер болды

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды;

Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Бөлісу:
Мемлекет басшысының Өкімдерімен бірқатар кадрлық өзгерістер болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар