Шымкенттің топографиялық картасы жасалуда
Алдағы уақытта Шымкент қаласының 50 мың гектар аумағына топографиялық карта әзірленбек. Себебі шаһардың соңғы рет бекітілген Бас жоспарына сай қала аумағының 8 000 гектарына ғана топографиялық карта жасалған.

Оның өзі 1985-86 жылдары түсіріліпті. Ал соңғы жылдары Шымкентке жаңа қосылған елді мекендерді есептегенде шаһар аумағы 117 мың гектарға жеткен.
Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетовтің айтуынша, 117 мың гектар жерді топографияға түсіруге 3 млрд 700 млн теңге көлемінде қаржы жұмсау қажет.
«Бұл Шымкент қаласының топографиялық картасы болғандықтан, оны түсіруші мекеменің міндетті түрде мемлекеттік лицензиясы болуы шарт. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәселені шешуге ықпал етіп, бүгінде топографиялық түсірілім құны – 1 гектар жер теліміне 8000 теңгеге тұрақтады. Нәтижесінде, қаланың игерілген жер телімінің 50 мың гектарына топографиялық карта дайындалды», дейді Жеңіс Жайлауұлы.
ШЫМКЕНТ