Қазақстан
1 мин оқу 464

Жаңа мобильді оператор пайда болды

Бұл жаңалықты forbes.kz сайты хабарлады.

Жаңа мобильді оператор пайда болды

Оператордың сайтындағы ақпаратқа сай, оператор әзірге бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде. Клиенттер izi-дің SIM-картасын тек жеткізу қызметі арқылы ғана ала алады, курьерлік қызмет әзірге тек Алматы қаласында жұмыс істейді екен.

«izi-де қазірдің өзінде клиенттердің 99% пайдаланатын басты қызметтер бар. Бірақ қызметтер тізімі көбейе түсуде», делінеді оператордың сайтында.

izi-дің интернет, қоңырау мен SMS пакеттерін бөлек сатып алуға болады, пакеттерінің ерекшелігі – шектеу мерзімі жоқ. izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.

Бөлісу: