Аймақтар
1 мин оқу 360
Арыс қаласында 2179 үй қалпына келтірілді
Арыста 2179 үйдің құрылыс жұмысы аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.
Қосымша 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.
Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.
Бөлісу: