Аймақтар
1 мин оқу 531
Қалдықтан келер қауіп жоқ
Атырауда тұрмыстық қалдықтарды түріне қарай бөліп жинақтайтын қоқыс жәшіктері орнатыла бастады. Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар тағы бір тың жобамен толықты. Облыс орталығында қалдықтарды сұрыптау кешені іске қосылды.

– Кешен жеке инвестор есебінен Белоруссиядағы «Сифания-Экотехника» компаниясынан сатып алынды. Жабдықтар жылына 100 мың тонна қатты қалдықты сұрыптауға арналған. Жаңа кәсіпорында 35 адам жұмыс істейді,-дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директорының міндетін атқарушы Алмас Ізтілеуов.
«Арнаулы автобазаның» мәліметіне сүйенсек, қаладан тәулігіне 300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Ал жаңа кешенде қалдықтың жеті түрі сұрыпталады.
АТЫРАУ
Бөлісу: