Қоғам
1 мин оқу 710

Жүз жыл тербелген бесік

<!DOCTYPE html> <html> <head> </head> <body> <p>Қазақ үшін бесіктен киелі не бар?! Ата-бабамыз қасиет тұтқан бесік &ndash; әрбір үйдің төрінде тұратын құнды дүние. Көнекөз қариялардың &laquo;бесігің тарылмасын, бесігің тербелсін&raquo; деп бата беруі де көп мағынаны білдірсе керек. Осындай ақ батамен көктеп, көгеріп отырған аралдық Амановтар отбасында бір ғасыр тербелген бесік бар.</p> </body> </html>

Жүз жыл тербелген бесік

Атадан балаға мұра болып қалған бағалы жәдігерге бұл әулеттің төрт ұрпағы куә десек, қателеспейміз. Қа­зірде тоқсан жасқа таяп қал­ған Райхан апа бұл бесікті қайын­­атасының өз қолымен, бір шеге қақпай жасағанын айтады.

– Менің естуімше, қайын­атамыз бен енемізде бала тұрақтамай, туыла сала ше­тінеп кете берген. Содан кейін атамыз ниеттеніп өз қо­лымен бесік жасапты. Құдай­дан алақан жайып, осы бе­сікке жататын бір сәби бере гөр деп тілепті. Көп ұзамай олар­дың тілегі қабыл болып, екі ұл бала дүниеге келіпті. Соның бірі – менің жолдасым Үбайдулла. Ал қазір бұл бесікке шөберелеріміз тер­беліп өсуде. Біз үшін құнды дүние болғандықтан, оны бала­ларыма әрқашан ама­нат етіп айтып отырамын. Үл­кен балам оны майлап қояды. Қазір қаладағы кіші балам­ның үйінде сақтаулы тұр. Бе­сік деген баланың ұясы ғой. Сәбидің ұйқысы ты­ныш, де­несі таза болады,– дейді кейуана.

Түрлі техникалардың да­мыған заманында электронды бесікті ойлап тапқандар да бар. Өзі тербелетін бесік, әри­не жақсы-ақ. Алайда, қа­зақ­тың киелі дүниесі баға жет­­пес байлық болып қала бермек.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА

Қызылорда облысы

Бөлісу: