«Жасырын сатып алушы» тәсілі өз нәтижесін беріп жатыр
<!DOCTYPE html> <html> <head> </head> <body> <p>Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтап, сапасын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерімен «Жасырын сатып алушы» жобасы жүзеге асырылып жатыр.</p> </body> </html>

Сондықтан, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Жасырын сатып алушы» тәсілімен қоғамдық бақылау жүргізу іс-шаралар жоспары бекітілген.
Департаменттің бас маманы Әлия Ысқақова жоспарға сәйкес 2019 жылдың 6 айында қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, барлығы 120 рет инспекциялау мен бақылау жұмыстары жүргізілгенін айтады. Соның нәтижесінде 28 мекемеде анықталған 55 кемшілік бойынша ұсынымдар берілді.