Қоғам
2 мин оқу 972

Қазақстандықтар тәулігіне 17 грамм тұз тұтынады

<p>Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Руслан Сатывалдеев хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы тұзды тұтыну деңгейі әлем бойынша ең жоғары көрсеткішке жеткен.</p>

Қазақстандықтар тәулігіне 17 грамм тұз тұтынады

Халықаралық ұйымның мәлі­метінше, ел тұрғындары тәулік­тік мөлшерді 3 еседен арт­тырып, күніне 17 грамм ас тұзын пайдаланады екен. Бұл ретте тиісті норма 5 грамды құрай­ты­нын атап өткен орынды. Ма­ман­дар мөлшерден артық тұзды тұ­тыну жүрек-қан тамыр ауру­лары, артериялық гипертония, ин­сульт, инфаркт, семіздік, ІІ типтегі қант диабетінің дамуы сияқты созылмалы жұқпалы емес ауруларға, сондай-ақ кей­бір онкологиялық сырқат түр­лерін қоздыруы мүмкін екенін жа­сы­рған жоқ. Осыны ескере келе Қоғамдық денсаулық сақ­тау ұлттық орталығы және С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агро­техникалық университеті ынты­мақтастық меморандумына қол қойды. Мұндағы көзделген меже – ұн өнімдерінен жасалатын тағамдағы тұздың мөлшерін 1 грамға біртіндеп азайтып, рецептураны өзгерту. Сол секілді қазақ­стандықтар арасында дұ­рыс тамақтану мәдениетін қа­лып­тастыру қажет.

– Адам денсаулығының дұрыс болуы 70%-ға дұрыс тамақ­тануына байланысты. Бұл бағыттағы жұмыстарды өткен жылдан бастап қолға алдық. «Атамекен» ҰКП-мен бірле­сіп нан-тоқаш өнімдерін өндіру­ші­лермен түсіндіру жұмыстарын жүр­­гізудеміз. Осы іске Қазақ агро­­тех­никалық университеті жұ­мыл­­дырылғаны қуантып отыр. Өйт­­кені оқу орнының ғылыми-тех­­­ни­калық базасы дұрыс та­мақ­тану ісін жан­дан­дыруға сеп­теседі деп үміттенеміз. Бұған қоса елордадағы және Қара­­ған­ды­­дағы нан-тоқаш өнім­дерін өндірушілермен ортақ келі­сім­ге қол жеткізу жоспарда бар. Әзірге пайдалы тағам уни­вер­ситет қа­быр­ғасында өндіріл­мек. Үш жыл көлемінде нан өнімдеріндегі тұз­ды 1 грамнан азайту көзделген, – дейді Руслан Сатывалдеев.

Аталған білім ордасының тәжі­рибелік-өндірістік цехында сту­денттер мен оқытушылар үшін құрамында тұзы аз нан өнім­дері әзірленетін болады. Екі­­жақты ынтымақтастық шең­­берінде халықаралық сарап­шы­ларды тарта отырып түрлі өнімдердегі тұзды азайту мәсе­лелері бойынша консуль­та­циялар, семинарлар, сондай-ақ пайдалы тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша акциялар ұйымдастыру жоспарланған.

 Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу: