Қазақстан
2 мин оқу 412

Көпшіліктің көңілінен шыққан бренд

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Үкімет тарапынан &laquo;қарапайым заттар экономикасын&raquo; дамытуға күш салынып, түрлі мемлекеттік қолдаулар тетігі қарастырылып жатқаны белгілі. &laquo;Altezza&raquo; брендінің негізін қалаушы Шахиста Мұхамеджанова отандық киім өндірісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан арулардың бірі.</p>

Көпшіліктің көңілінен шыққан бренд

Тараз қаласының тұрғыны Шахистаның негізгі мамандығы қаржыгер екен. Екінші алған жоғары білімі – заңгерлік. Бірақ оқу бітірісімен еңбек жолын  құрылыс саласынан бастаған, бүгінде осы саладан қол үзбей, жұмысын жалғастырып келеді.

– Әрине, полиэтилен құбыр шығару, байланыс желілерінің құрылысын жүргізу әйел адамдар араласа қоймайтын жұ­мыс. Сол себепті, мен бірнеше жыл бұрын жеңіл өнеркәсіп саласында бақ сынап көре­йін деген ойға кеттім. Бірнеше ай ойланып, түрлі жоспар құ­рып, ақыры біржола бекіндім. Осылайша, 2014 жылдан бас­тап «Altezza» брендінің тарихы басталды, – дейді Шахиста Мұхамеджанова.

Іскер қыз бұл саланың қыр-сырын жетік білмесе де, батыл­дық танытып, тігін бизнесін ашуға шешім қабылдаған. Он­да да жай ғана кішігірім цех емес, үлкен өндіріс орнын ашу­ға бекінді. Ғимараты, тігін машиналары, жұмысшылары бар фабрика болса деп армандап қана қоймай, арманын жүзеге асыруға кірісті. Түркиядан қа­жет­ті мата түрлері мен фурнитураларды жеткізді. Джинс материалдан түрлі киім шығаруды жоспарлады.

– Алғашқы кезде бұрын білмеген бірқатар проблемамен бетпе-бет келдім. Біріншіден, біздің өңірде маған қажетті мамандар тапшы екен. Киім үлгісін пішетін технолог таппай қиналдым. Екінші проблема нарықты мүлдем білмеуімнен болды. Тұтынушының сұраны­сын, не қалайтынын еш білмес­тен, нарықты алдын ала зерттеп алмай тұрып, бірден ашылдық. Соның салдарынан алғашқы кезде бизнеске салған біраз ақшам күйіп кетті. Ақыры тәжірибе жинақтай келе, әйел­­дер киімін тігетін болып шеш­тім, – дейді кәсіпкер қыз.

Дизайнердің айтуынша, ең үлкен қиындық – отандық шикізаттың жоқтығы. Қажет шикі­заттың бәрі, мата, жіп сияқ­ты керек-жарақ атаулы Қытай­­дан, Өзбекстаннан, Түр­кия­дан немесе Қырғыз­станнан жеткізіледі екен.

Жақында «Атамекен» ұлт­­тық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлер арасында «ALTYN OIMAQ» ұлттық бай­қауын жариялаған болатын. Осы бай­қауға қатысып жатқан Шахиста:

– Мен үшін байқаудың бизнес-идеясы қызықты болды. Сол үшін қатысып жатырмын. Өзім бұл салаға дизайнер есебінде емес, өндірісші ретінде келдім ғой. Байқаудағы осы идея – киім дизайнері емес, қарапайым көпшілікке, яғни, орта тапқа арналған киім шығаратын кәсіпкер ретінде тартқаны ұнады. Осы жолда кәсібімді дамытсам деймін, – дейді Шахиста.

Жас кәсіпкердің басты қа­ғи­дасы – өмірді барынша жауапкершілікпен сүру.

– Әр адам өз өміріне өзі жа­уап­ты. Не ексең, соны ора­с­ың. Алдыма қойған мақ­сатым көп. Соның бірі – өнім­ді рес­пуб­ликаның барлық айма­қ­тарына тарату, – дейді ол.

Таяуда «Атамекен» палата­сы­ның Іскер әйелдер кеңесі мүшел­ігіндегі кәсіпкер қыз-келін­шектер арасында ұйым­дастырылған «Жыл жаңалығы» қосымша байқауының же­ңім­паздары жария етілген болатын. Бұл байқауда жеңім­паздар­дың қатарында Шахис­та Мұхамеджанова да марапатталды.

Бөлісу: