Аймақтар
1 мин оқу 410

3 минутта 9 хот-дог жепті!..

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Сөйтіп Жандос Төкіш енді бір ай бойы кәсіпкер Алексей Мазурдың асха&shy;насынан тегін тамақ&shy;танады.</p>

3 минутта 9 хот-дог жепті!..

– Жарысқа 10 жігіт қатысты. Жандос болса, 3 минуттың ішін­де 16 хот-догтың 9-ын жеп же­ңімпаз атанды! – дейді кәсіпкер.

Қала күніне орай өткен мерекелік әртүрлі шаралардың арасындағы Хот-дог жеу бә­секесі ерекше әсер қалдырды. Сондықтан кәсіпкер Алексей Мазур тұрғындарға қызықты көрінетін осындай ерекше жарыстарды алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Қала тұрғындары мен қо­нақ­тарының жазғы демалысы үшін Ертіс өзені жағалауында ретро стильде жылдам тамақтанатын кафе де ашып қойды.

– Иә, бір ай бойы тегін тамақ­­танатыным тосын сый­лық болды. Жарысқа арнайы дайын­далған жоқпын. Хот-догты жақсы көремін. Жарыста әйелім, балаларым, әпкелерім қолдауға келді, –  дейді Жандос.

Ал жағалаудағы баспал­дақтарға жиналмалы орын­дықтар қойылған, субұрқақтар жарыса төгілуде, жарықшамдар жарқырайды.

Ашық аспан астындағы ерекше дәмхана алаңы мерекелерге, қызықты жарыстарға,көңілді отырыстарға шақырады.

 ПАВЛОДАР

Бөлісу:
3 минутта 9 хот-дог жепті!.. · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар