Руханият
1 мин оқу 393

Бауырластар Баянауыл төрінде

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Жазғы каникул күндері Баянауылға демалуға Моңғолиядан қазақ диаспорасының балалары келіп, олар &laquo;Жас дәурен&raquo; орталығына орналасты. Оларды облыс әкімдігі, білім беру басқармасының мамандары, ақ жаулықты апалар шашу шашып, аталар арнау айтып қарсы алды.</p>

Бауырластар Баянауыл төрінде

Облыс әкімдігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ екіжақты меморанду­мының нәтижесінде жазғы демалысқа Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласы, Қобда, Бай-өлке аймақтарынан 80-ге жуық бала мұғалімдерімен бірге атамекенге демалуға келді.

Ұстаз Бақытгүл Қонарбайқызының айтуынша, балалар күн сайын білікті және білімді ұстаздардан дәріс алып, мәдени-спорттық шараларға қатысады. Атап айтар болсақ, осындағы үздік оқу­шылардың бірі Аллаберген Құрмет­ханұлы Өлгей қаласындағы жалпы білім беретін №1 мектепте оқиды. Дзюдодан екі дүркін аймақ чемпио­ны. Ал келесі бір оқушы Мұхам­ме­дәли Аман­келдіұлы ел көлемінде ма­ңызды жарыс – математикадан өтетін «Мазалай» олимпиадасының қола жүлдегері болса, Қобыланды Еркінұлы ағылшын тілі, химия, биология секілді пән түрлерінен аймақтық олимпиада жеңімпазы.

Алда атажұртына аяқ басқан оқу­шылар Мәшһүр Жүсіп кесенесіне, Жасы­бай батырдың ескерткішіне тағ­зым етеді. Баянауылдың басқа да көрікті жерлеріне саяхатқа шығады.

«Жыл сайын алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақ отбасыларымен кездесіп, олардың ұл-қыздарын атамекенге тарту жөнінде үгіт-насихат жүргіземіз. Елге келіп, білім алып, тұрақ­тап қалғысы келетіндер аз емес», дейді Дүниежүзі қа­зақтары қауым­дас­тығының Павлодар облыстық бөлім­шесінің басшысы Болат Зауыт.

 Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Бөлісу:
Бауырластар Баянауыл төрінде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар