Спорт
1 мин оқу 350

«The Best»-тің үміткерлері анықталды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ресми сайтына жылдың ең үздік футболшысына берілетін &laquo;The Best&raquo; марапатына үміткер футболшылардың тізімін жариялады.</p>

«The Best»-тің үміткерлері анықталды

2019 жылдың «The Best» марапатын алуға биыл он футболшы үміткер атанған. Бір қызығы, былтырғы «үздік футболшы» Лука Модрич биылғы тізімге ілінбей қалған. Он үміткердің тізімі төмендегідей: Криштиану Роналду, Маттейс де Лигт (екеуі де – «Ювентус»), Френки де Йонг, Лионель Месси (екеуі де – «Барселона»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Эден Азар («Реал»), Килиан Мбаппе (ПСЖ), Садьо Мане, Мохаммед Салах және Вирджил ван Дейк (үшеуі де – «Ливерпуль»). Үміткерлер 2018 жылдың 16 шілдесі мен 2019 жылдың 19 шілдесіне дейінгі нәтижелеріне қарап таңдап алған.

ФИФА жыл лауреаты 23 қыркүйекте Миландағы (Италия) «Ла Скала» опера театрын­да өтетін салтанатты рәсімде белгілі болмақ. Жыл үздігін ұлттық құрамалардың бас бапкерлері, капитандары, спорт журна­листері және жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықтайды.

Бөлісу: