Әлем
1 мин оқу 250

Техастағы атыстың мән-жайы анықталды

<p style="text-align: justify;">Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Техастағы атыстың мән-жайы анықталды

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында оқ жаудырған ер адамның ұсталуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Эбботттың айтуынша, сауда орталығындағы атыс туралы ақпарат жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 10.39-да (Нұр-сұлтан уақыты бойынша 21.39-да) түскен. Полицейлер оқиға орнына алты минуттан кейін келген. 11.06-да (Нұр-сұлтан уақытымен 22.06-да) күдікті ұсталды. Жалпы операция 21 минутқа созылды.

Ер адам тәртіп сақшыларына өзі берілген.

Бұған дейін Техастың батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығында атыс салдарынан 20 адам қаза тапқаны мәлім болған. Қару ұстаған адам 21 жастағы Патрик Крузиос болып шықты. Сауда орталығында оқ атпас бұрын ол өзінің Twitter-дегі парақшасында наурыздың ортасында болған Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған лаңкестік әрекетті қолдап, манифест жариялаған. Бұл қайғылы оқиға 50 адамның өмірін қиған еді.

Бөлісу:
Техастағы атыстың мән-жайы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар