Спорт
1 мин оқу 146

Ширек финалда сүрінді

<p style="text-align: justify;">Теннистен халықаралық додаларда бақ сынап жатқан жерлестеріміз турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Михаил Кукушкин де, Зарина Диас та ширек финалда сүрінді.</p>

Ширек финалда сүрінді

Мексиканың Лос Кабос қаласында өтіп жатқан ATP санатындағы жарыста ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин ¼ финалда әлемдік рейтингте 27-орында тұрған аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты. Бір сағатқа созылған бәсекеде Шварцман 6:1, 6:2 есебімен жерлесімізден басым түсті. Бұған дейін екі теннисші өзара үш мәрте кездесіп, екі матч қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталған еді.

Ал АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы турнирде бақ сынаған Зарина Диас ширек финалда италиялық Камила Джорджимен кездесті. Дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған Зарина әлемнің 62-ракеткасы Камила Джорджимен екі сет ойнап, 6:3, 6:2 есебімен есе жіберді. Бұған дейін теннисшілердің екі мәрте жолдары түйісіп, бір-бірден ұтқан болатын.

Бөлісу: