Қоғам
1 мин оқу 470

Ұшу аппараттары шығарылады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұзақмерзімді келісім-шартқа қол қойылды. Дәлірек айтқанда, &laquo;Қазақстандық авиаиндустрия&raquo; ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығару туралы және техникалық қызмет көрсету жөнінде &laquo;Elbit Systems Ltd.&raquo; (Израиль) компаниясымен келісімшарт жасасты.</p>

Ұшу аппараттары шығарылады

Сондай-ақ Қазақстан аумағында «Elbit Systems Ltd.» компаниясының тауарлық белгісін пайдалануға айрықша құқық беретін лицензиялық келісімге қол қойылды.

Қазақстандық авиаиндустрия – әуе аппараттарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оларды жетіл­дірумен айналысатын кәсіпорын. Кәсіп­орынды  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Қамқор Менеджмент» ЖШС бірлесіп дамытуда.

– Бұл жоба ұшу аппараттарын сатудан бөлек, оларды жөндеу және баптау жө­нінен басқа елдерге деген тәуелділікті азай­тады. Сонымен бірге білікті отандық ма­мандарды даярлауға және жаңа жұ­мыс орындарын ашуға да мүмкіндік бе­ре­ді, – дейді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов.

Қазақстандағы осы ұшу аппараттарын ықтимал пайдаланушылар арасында жүргізілген сұрау (Қорғаныс ми­нистрлігі,Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және мұнай-газ саласының компаниялары, т.б.) отандық өндіріс пен жергілікті тех­никалық қызмет көрсету болғанда ғана аталған өнімге деген сұраныстың артатынын көрсетті.

Сонымен қатар халықаралық талдау да ұшу аппараттар нарығының жыл са­йын ұдайы кеңейіп келе жатқанын бай­қатып отыр.

Қ.Бишімовтің айтуынша, бұл кәсіп­орын Қазақстанда ұшу аппараттарын шы­ғару, техникалық қызмет көрсету және жетілдіру жөніндегі ірі орталыққа ай­­налуы керек. Болашақта отандық өнім­­ді экспортқа шығару да жоспарда бар.

Осы жылдың соңына дейін ұш­қыш­­­сыз басқарылатын ұшу аппарат­тар­ын шығаруға арналған құрал-жаб­дық­тардың алғашқы партиясы келіп жетпекші.

Бөлісу:
Ұшу аппараттары шығарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар