Спорт
1 мин оқу 260

Президент кубогының кестесі жарияланды

<p style="text-align: justify;">Ертең Нұр-Сұлтан қаласындағы &laquo;Барыс Арена&raquo; мұзсарайында биыл 10-шы рет ұйымдастырылып жатқан хоккейден Қазақстан Президенті кубогының жалауы желбірейді.</p>

Президент кубогының кестесі жарияланды

Биылғы жарысқа қатысуға бес команда өтініш берген. Құрлықтық хоккей лигасына дайындық іспетті турнирде «Барыс» (Нұр-Сұлтан), «Ак Барыс» (Қазан), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Авто­мобилист» (Екатеринбург) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары бақ сынайды.

2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Президент кубогы бәсекесінде елорданың «Барыс» командасы төрт мәрте топ жарған. Ал Санкт-Петербургтің СКА, Омбының «Авангард», Новокузнецкінің «Металлург», Нижнекамскінің «Нефтехимик» және Хабаровскінің «Амур» клубтары бір реттен жарыс жеңімпазы атанған.

Бөлісу:
Президент кубогының кестесі жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар