Аймақтар
1 мин оқу 421

Қарағандының тұрғыны киік етімен қолға түсті

<p>Қарағанды облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері&nbsp; заңсыз киік аулауды анықтау және оның жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында Сәтбаев қаласының аумағындағы &laquo;Жезқазған-Есіл-Петропавл&raquo; тас жолында &laquo;Тайота-Сюрф&raquo; маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген.</p> <p>&nbsp;</p>

Қарағандының тұрғыны киік етімен қолға түсті

Тексеру нәтижесінде аталған   автокөліктің жүк салғышынан екі целлофан пакетке салынған ет тәркіленді. Көлік жүргізушісі – Қарағанды қаласының 47 жасар тұрғыны табылған еттің киік еті екенін және оны белгісіз азаматтан сатып алғандығы туралы түсініктеме берді.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағандының тұрғыны киік етімен қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар