Жаңалықтар
2 мин оқу 420

Сертификат орнатудың қажеті жоқ

<p style="text-align: justify;">Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін дербес құрылғыларға жаппай орнату ұсынылған қауіпсіздік сертификатының сынақтан сәтті өткізілгенін және тестілеудің мерзімі аяқталғанын хабарлады. <br /><br /></p>

Сертификат орнатудың қажеті жоқ

Осы орайда, Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев туит­тердегі парақ­ша­­сында өзінің тапсырмасы бой­ын­ша ҰҚК Кибер­қал­қан бағ­дарламасы аясында сер­­­тификат қауіпсіздігін тесті­­леуден өт­кізгенін және Қа­­зақ­­станның ақ­­парат ке­ңіс­­тігі қауіпсіздігі
жә­не сертифи­­кат­ты сырттан қауіп төн­ген жағдайда ға­на қолдану мүм­­кіндігі дәлел­денгенін жаз­­ды. Президент сонымен қа­тар бұл сынақ­тың интернет қол­да­ну­шы­ларға қолай­сыз­дық туғыз­баға­нын көрсете отырып, Ұлт­тық қа­уіп­сіздік комитетіне алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы: «Кибер­қал­қан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тес­тілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жаб­дықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жа­ғ­дайлар бұ­рын болған. Ең бас­тысы, Қазақстанның интернет қолданушыларына қо­лай­сыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», деп атап өтті.

Ал Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің баспасөз қызметі бұл сы­нақтың кибер және ақпараттық кеңістікте киберқауіптің алдын алу жүйесін тексеріп көруге мүм­кіндік бергенін мәлімдеді.

Рес­ми деректерге қарағанда, Ақ­па­раттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы тек өткен ай­да ғана мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға қа­тыс­ты 8 млн мәрте вирустық бел­сенділікті және 130 мың кибершабуылды анықтаған. Одан бөлек, бірқатар мемлекеттік органдарға кибертыңшылық жасау фактілері ашылған. Соны­мен қатар серти­фикат енгізу­дің түйткілді мәсе­лелері зерде­леніп, байланыс опе­ра­торлары­ның жұмысына ықпал ете­тін тұс­тары тексерілген. Бұл жос­парлы жұмыс «Қазақстан Рес­публи­касының Ұлттық қауіп­сіздігі туралы» Заңға сәйкес және киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­сатында жүзеге асырылған.

Сайып келгенде, сертификат болашақта ұлттық қауіпсіздікке кибер және ақпараттық шабуыл қатері төнген жағдайда ел азаматтарына алдын ала ескертіле отырып, қолданылатын болады. Сонымен тестілеу жұмыстары 7 тамыздан бастап тоқтатылды.

Бұған дейін, әсіресе Нұр-Сұл­­тан қаласының тұрғындары ара­сында осы қауіпсіздік серти­фика­тын орнатуға байланыс­ты түсініс­пеу­шіліктер туындаған бо­латын. Қоғамда оны орнату қа­жеттілігі, жүргізілуі мүмкін «аң­дулар» туралы пікірталастар өршіп кетті.

Сондықтан бұл мәселеге Бас про­куратура араласып, жеке өмір­ге қолсұғылмаушылыққа, жеке басы мен отбасы құпия­сына, хат алмасуға, телефон ар­қы­­лы сөй­лесуге, хабарларға конс­ти­­ту­ция­лық құқықтардың сақ­та­ла­ты­нына мемлекет кепіл­дік беретініне назар аударды. Сон­дай-ақ аталған талап­тар­ды бұзу қылмыстық жауап­кер­ші­­лікке әкелетінін мәлім­деді. Атап айтқанда, электронды ақпараттық ресурс­тар­ға, ақпа­рат­тық жүйеге заңсыз кі­ру немесе телекоммуника­ция­лар желісі бойынша беріле­тін ақпа­ратты заңсыз ұстап қалу үшін қыл­мыстық жауапкер­шілік бар және бес жылға дейін бас бос­танды­ғынан айыру көздел­ген (Қыл­мыстық кодекстің 147-бабы­ның 3-бөлігі). ҚК 148-бабында хат жазысу, телефонмен сөй­лесу, пошта, телеграф хабар­лары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзғаны үшін жауапкершілік  белгіленген.

Енді қауіпсіздік сертифика­тын сынақтан сәтті өткізген ҰҚК осы уақытқа дейін атал­ған сертифи­катты дербес құ­рылғыларына – ұя­лы телефон, компьютер жә­не т.б. қондырып үлгерген қазақ­стан­дық­тарға оны өшірудің де жол­дар­ын көр­сететін нұсқау­лық­тар таратты.

Бөлісу:
Сертификат орнатудың қажеті жоқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар