Әлем
1 мин оқу 301

Қырғызстан ІІМ Атамбаевтың ұсталғанын ресми хабарлады

<p style="text-align: justify;">Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірлесіп жүргізген шаралары нәтижесінде Алмазбек Атамбаев ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;Кабар&nbsp;агенттігі&nbsp;Қырғызстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Қазақпарат тілшісі хабарлады.</p>

Қырғызстан ІІМ Атамбаевтың ұсталғанын ресми хабарлады

«2019 жылдың 8 тамызында милиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының МҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп еріксіз келтіру бойынша жүргізген іс-шаралары нәтижесінде А.Ш.Атамбаев ұсталды», - делінген хабарламада.

ІІМ-де атап өткендей, тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұстау кезінде арнайы операция орнында Қырғыз Республикасының ішкі істер министрі Кашкар Джунушалиев пен оның орынбасары милиция полковнигі Алмаз Орозалиев жетекшілік еткен. ІІМ-де хабарлағандай, Атамбаев Қырғыз Республикасы заңнамасына сәйкес әрі қарай тергеу шараларын жүргізу үшін сәйкес органдарға жеткізілді.

Бөлісу:
Қырғызстан ІІМ Атамбаевтың ұсталғанын ресми хабарлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар