Аймақтар
1 мин оқу 363

Елордада құрбандық шалатын орындар бекітілді

<p>Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Елорда әкімдігі&nbsp;құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.</p>

Елордада құрбандық шалатын орындар бекітілді

Байқоңыр ауданында «Нұрбереке-555» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңында;

Алаш тас жолы 30 «Рубиком» мен «Әмір» сауда үйінің ортасында;

«Жайлау» тұрғын үй кешенінде;

Алаш тас жолы 313 көшесі «Шәушен» шағын қалашығында, «Астана-Павлодар» авто жолынан 9 шақырым;

«Темеш» шаруа қожалығы Нұр-Сұлтан - Софиевка авто жолынан 7 шақырым жерде  құрбандық шалуға болады.

Сарыарқа ауданында «Ұлжан» әмбебап базары яғни бұрынғы «Саянұр» базарының маңы;

Есіл ауданында «Алтын-Таға» базары Қосшы ауылының алды;

Алматы ауданында «Метро» сауда үйінің яғни Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылған. 

Бөлісу:
Елордада құрбандық шалатын орындар бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар