Президент Құрбан айт қарсаңында екі адамға рақымшылық жасады
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Балтабай мен Ярослав Голышкинге рақымшылық жасады. Бұл туралы <a href="https://www.inform.kz/kz/tokaev-kurban-ayt-karsanynda-eki-adamga-rakymshylyk-zhasady_a3555253">ҚазАқпарат</a> Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы болған Ярослав Голыщкин 2015 жылдың 30 қазанында бопсалау және кәмелет жасына толмаған тұлғаны ауыр қылмысқа тарту баптары бойынша сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылып, бүкіл мүлкі тәркіленген болатын.
Ал Шымкент қаласындағы «Лайықты еңбек» кәсіподақ қозғалысының жетекшісі болған Ерлан Балтабай бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иелену бабы бойынша 7 жылға сотталып, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдарды басқару құқығынан айырылған. Оған кәсіподаққа тиесілі 10,8 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып, сот кінәлі деп шешкен болатын.