Экология
1 мин оқу 770

Жайық жағасындағы жауапсыздық

<p style="text-align: justify;">Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурс&shy;тар министрлігі Жайық өзені жағалауының ластануы&shy; фактiсi бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі жөнін&shy;дегі ақпаратты жариялады. Бұл туралы аталған мини&shy;стр&shy;ліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.</p>

Жайық жағасындағы жауапсыздық

«Атырау облысы бойынша Экология департаменті Жайық өзені жағалауының су қорғау аймағының қауіп­ті химиялық заттармен лас­та­ну фактісі бойынша «Неф­те­га­зовый сервисный альянс» ЖШС-на қатысты жос­пар­дан тыс тексеру жүр­гізді. Атал­ған өндірістік базаның аума­ғында химия­лық реагенттерден боса­тылған 220 ЭКС-ЭМ маркалы эмульгаторы бар толық бөшкелер және 75 бөшке анық­талды. Сондай-ақ аз мөл­шерде химиялық реа­генттермен жердің ластануы байқалды. Орал өзені жа­ғалауының ластану фак­ті­­­лері анықталған жоқ», де­лінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша, жерді химиялық реагенттермен ластау бөлі­гінде заңбұзушылықтар, өн­діріс және тұтыну қал­дық­тарымен жұмыс істеу­ ережелерін бұзу, атап­ айт­қанда қауіпті қал­дық­тар­ды есепке алу мен пас­порттың болмауы анықталды.

«Жол берілген заңбұзу­шылықтар үшін әкімшілік құқық­бұзушылық туралы 4 хаттама шығарылып, қауіп­ті қалдықтарды кәдеге жа­ра­­ту және химиялық реагенттермен ластанған жер­ учас­кесін тазалау қажет­тігі тура­лы нұсқама беріл­ді. Сон­дай-ақ тексеру барысында химиялық талдау жүргізу үшін жерас­ты суларының сына­малары мен топырақ сынамалары іріктеліп алынды, нәтижелері бойынша ластау­шы заттардың шек­ті рұқсат етілген шо­ғыр­лануының артуы анық­тал­мады», делінген ми­нистрлік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ Жайық өзе­ні­нен жер бетіндегі судың сынамасы алынған. Жүр­гі­зіл­ген сынақтардың нә­тиже­лері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етіл­ген шоғырлануынан асуы анықталған жоқ. Депар­та­мент тарапынан сот орган­да­рына кәсіпорынның қыз­ме­тін тоқтату туралы талап-арыз беріледі.

Бөлісу:
Жайық жағасындағы жауапсыздық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар